Қазақстан аумағының 40% оба ауруына бейім
Дәл сол секілді маңайдағы елдердің де өзіне тән індеттері бар. Ал олармен бірігіп қана күресе аламыз. Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше 9 елдің Денсаулық сақтау министрлері бас қосып, 2025-2027 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын бекітті. «Өзара іс-қимыл алгортимінің ауадай қажеттігін коронавирус пандемиясы көрсетті»,— дейді олар. Енді сондай эпидемия келе қалған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу тәсілімен бөлісіп, маман даярлау секілді мәселелерде бір-бірімізге қол ұшын соза білуіміз қажет. Айта кетейін, бүгінде әлем халқының жартысына жуығы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің аумағында тұрады.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Біз осыдан 14 жыл бұрын осы мемлекеттерді қабылдаған болатынбыз, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының министрлерін. Сол 14 жылда әрине, аузымызды толтырып айтатын да жетістіктер бар. Бірақ ол кісілердің де жасап жатқан жұмыстарынан біз өзімізге алдағы уақытта жақсы тәжірибелерін алуға дайын болуымыз керек.