Бишімбаев ісі: сот отырысы 2 мамырға шегерілді
Бишімбаев ісіндегі прокуратура өкілдері екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың біреуінен бас тартты. Прокуратура «Қылмыс туралы хабарламау» бабын алып тастады. Бірақ «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша айыптауға жаңа дерек енгізілді. Сол себепті сотталушының адвокаты істі қайта зерттеуге 2-3 күн уақыт сұрады. Осылайша сот отырысы 2 мамырға шегерілді.