Антикор балық шаруашылығы комитеті төрағасына қатысты тергеуді аяқтады
Антикор балық шаруашылығы комитеті төрағасының үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеуін аяқтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктінің пара алған әдісін көрсететін шағын видеоны жариялады. Арасында WhatsApp-та жазысқан хаттың көшірмесі де бар. Айыпталушы сыбайласымен 2021 жылдан бастап үш жыл бойы жеке кәсіпкерлерден тұрақты түрде пара алып отырған екен. Қазір күдіктіге электронды білезік тағылып үйқамаққа жіберіліпті. Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.