Хабар телеарнасы

Талайды тақырға отырғызған күдікті Грузияда ұсталды

Қазақстанда «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, талайды тақырға отырғызған күдікті Грузияда ұсталды. Қылмыстық топ 2020 жылы Маңғыстау облысында 600 адамды сан соқтырып кеткен. Келтірілген шығын 3 млрд теңгеден асады. Қаржы пирамидасының өзге белсенділері сотталған. Ал басты күдікті қылмыс жасағаннан кейін шетелге бой тасалап үлгерген. Халықаралық іздеу нәтижесінде былтыр қараша айында Грузия аумағында ұсталыпты. Енді Ақтауға жеткізіліп, қаладағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Әсел Беркалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:
-Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.