Елімізде әйелдер ерлерге қарағанда жалақыны 21% кем алады
Біріккен Ұлттар ұйымының қолдауымен жүргізілген «Қазақстандағы гендерлік теңдікті және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қоғамдық көзқарас» атты талдау есебінің нәтижесі осындай. Жалақыдағы теңсіздік әсіресе қаржы және сақтандыру, ғылым, құрылыс, өнеркәсіп салаларында байқалған. Орта есеппен ерлер сағатына 2 мың 200 теңге алса, әйелдердің дәл сондай еңбегіне 1 мың 800 теңге төленеді. Жалпы былтыр гендерлік теңдік бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан 146 елдің ішінде 62-орында болған.
Сухроб Ходжиматов, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары:
-Сауалнамаға қатысқан 80% ерлер Қазақстанда әйелдердің құқығы жеткілікті түрде қорғалған, әрі қарай ешқандай іс-қимыл жасаудың қажеті жоқ дейді. Әрине, біз бұл пікірмен келіспейміз. Себебі жалақыны ғана салыстырғанның өзінде теңсіздік айқын көрініп тұр.