Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8 жылға сотталды
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исақов 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды.
Сот оны Ұлттық қауіпсіздік департаментінің бірінші орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара беруге оқталғаны үшін айыпты деп таныды.
Шенеунік қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттік сатып алуға байланысты қозғалған Қылмыстық істі қысқартпақ болған. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің сөзімен және сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді. Жаза тағайындау барысында бұрынғы әкім орынбасарының жасөспірім балаларының болуы ескеріліп, қамауға алу мерзімі азайтылған.
Әбинұр Қарабаев, қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Пара берген бір-ақ адам. Ал пара беруге оқталған Исахов. Басқа қызметкердің қатысы бар ма, жоқ па біздің істің ішінде жоқ ол. ҰҚК тергеліп жатыр. Енді сол бойынша шешім қабылдайды.