Хабар телеарнасы

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды. Өңір жаңалықтары

Ақтөбеде университет ректоры ұсталды

Антикордың дерегінше Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды. Ол 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.

Ректор қызметіне осыдан екі жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін Ақтөбе және Жамбыл облыстарында денсаулық сақтау саласын басқарды.

 

Қарағанды облысында Qarmet компаниясының өндіріс нысандарында қылмыс жасаған топтар ұсталды.

Жедел іздестіру кезінде 23 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 9 күдікті ұсталды. Барлығы 3 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Өткен жылы да қылмыстық топтар ұсталған еді. Жалпы саны - 70 адам. Олар былтырғы наурыз бен желтоқсан айлары аралығында металл ұрлап, компания жұмысшыларын бопсалаумен айналысқан.

 

Спорт саласында да былық көп.

6 жылда «Самұрық-Қазына» компаниясы 4 клубты қаржыландыруға 138 млрд теңге бөлген. Бұл қаржыға оқу-жаттығу жасаймыз деген сылтаумен бес жұлдызды қонақүйлерде демалған. Жалақыларын жоғары белгілеп, қаржыны жүйесіз жұмсаған.

Бұдан бөлек, кәсіби спортқа бюджеттен 340 млрд теңге бөлініпті. Ал бұқаралық спорт назардан тыс қалған. Оған кәсіби спортқа қарағанда 9 есе аз қаржы, яғни 35 млрд теңге бөлінген. Ал бірқатар меншік иесі спорт ғимаратын жалға аламыз деген сылтаумен мемлекеттен ақша алған.

 

ШҚО-ның екі ауданындағы спорт кешендерінің құрылысы антикор бақылауына алынды.

Себебі осыдан 6-7 жыл бұрын басталған 5 бірдей спорт нысанының құрылысы әлі аяқталмаған. Үлкен-Нарын ауылындағы жабық бассейннің темір қаңқасы ғана тұр.

Тапсырыс берушімен арада сот ісі басталды. Құрылыс биыл жалғасатын болды. «Ұлан мен Қатонқарағайдағы сауықтыру кешендерінің де салынып бітуіне аз қалды»,- дейді мамандар.