Хабар телеарнасы

Төрт айда 6,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

Елімізде интернет алаяқтықтың жаңа түрі өршіп тұр. Тек 4 айдың ішінде елде 6,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген.

Киберқылмыскерлер азаматтардың электронды үкімет порталына кіріп, барлық жеке мәліметтерін ұрлайтын болған. Сондықтан Ішкі істер министрлігі, азаматтарға телефонына Egov порталынан келген құпия кодты ешкімге айтпауға кеңес береді.

Киберқылмыстан келген шығын 11 млрд теңгеден артып жығылады. Негізінен азаматтар онлайн сауда, инвестиция мен банк және полиция қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтарға алданатын көрінеді.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Байланыс операторларымен қазір біз жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай қоңырауларға тосқауыл қойылып жатыр. Арнайы бағдарлама енгізілді бұл үшін. Бүгінгі күнге дейін 49 млн астам қоңырау бұғатталды.