«Еңбек» республикалық кәсіпорны басшылары күдікке ілінді
«Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Олар соттың санкциясымен қамауға алынған.
Агенттіктің мәліметінше, бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден пара алған.
Қылмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Ішкі істер министрлігі және Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен әшкереленді. Қазір тергеу жүріп жатыр.