Хабар телеарнасы

Елордада Қазақстан полициясы күніне орай фотокөрме өтті

Елордамыздағы халық көп жиналатын сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде бірегей фотокөрме.

Ішкі істер министрлігі ұсынған галерея тәртіп сақшыларының күнделікті қызметтерін көрсетеді. Әлеуметтік жоба ретінде ұйымдастырылған фотокөрме полиция тек қылмысты әшекерелеп қылмыскерді ұстаумен ғана шектелмейтініне назар аудартады. Аулалардағы қауіпсіздік, жолдағы тәртіп, қызметтік жануарлардың жұмысы, сондай-ақ төтенше оқиғалар кезінде алдыңғы шепте болған полицейлердің жұмысы барысынан бейнеленген фотосуреттер соны айғақтайды.

Көрме Қазақстан полициясының 23 маусымда аталып өтетін кәсіби мерекесіне орайластырылған. Жиналған жұртқа «Ұлттық ұлан» оркестрінен музыкалық тарту жасалды.

София Орынбасарова, ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің қызметкері:

– Су тасқыны кезінде өрт кезінде тәртіп сақшылары өз міндеттеріне адал болып, суға батқан азаматтарды судан құтқарып, Президенттен үлкен мараптқа ие болды. Көрмеміздің жалпы мақсаты  халыққа біздің оңай емес жұмысты көрсету.