Хабар телеарнасы

Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Ол қылмыстық іс бойынша «мәселені шешкені үшін», 18 млн теңге көлемінде пара алды,- деген күдікке ілінген.

Күдіктіні ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған. 

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу ісі изоляторына қамалды. Қылмыстық процестік Кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.