Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 329 адам сотталды

Мұны бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді. Айтуынша биыл 600-дей лауазымды тұлға осындай қылмысқа барған. Олардың 100-ден астамы түрлі деңгейдегі басшы. Қылмыстар арасында пара алу, бюджет қаржысын жымқыру және өкілеттіктігін теріс пайдалану көш бастап тұр. «Көбіне бұған әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бейім»,— дейді Агенттік төрағасы. Осы жылы аяқталған істер бойынша 195 млрд теңге қазынаға қайтарылған.

Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:  
-Заңның үстемдігі, жазаның бұлтартпастығын сақтау, жемқорларды қатаң қудалау, залалды өтеу және активтерді қайтару – басым бағыттарымыз. Бұл жұмыс – азаматтық қоғаммен тығыз жүргізіледі.