Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында одан әрі ауқымды жұмыстар атқарылмақ

«Таза Қазақстан» республикалық эко­ло­гия­лық акциясы аясында одан әрі ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Енді ересектерден бөлек, «Жасыл балабақша» бағытында 622 мектепке дейінгі ұйым мен оқушылар арасында экологиялық жарыстар ұйымдастырылады. Бүгін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі алдағы 5 жылдық жоспармен бөлісті. Айтуынша, қалалар мен ірі елді мекендерде су үнемдеу технологиялары енгізіледі. Жасыл желектерді отырғызу көлемі ұлғайтылмақ. Одан бөлек, ормандардың жай-күйін бақылау үшін бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеуде. 

Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

-Мемлекет басшысы белгіленген тәртіппен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Басты мақсат – барлық жастағы азаматтарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осы бағытта біз мардымды жұмыстар атқаратын боламыз.