Хабар телеарнасы

Қазақстанда ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды

Қазақстанда ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды. Тізімге ең алдымен Ақтау, Алматы және Елорда ілігіпті. Дәл осы 3 қалада жолаушылар ағыны көп. Тексерістің осы реттілікпен басталуы да сондықтан. Бұл туралы еліміздің Бас авиациясы хабарлады. Мамандар ұшу, авариялық-құтқару, экипаж құрамы және орнитология қызметін қамтамасыз етуге көңіл бөледі. Айта кетейік, биыл елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 900-ден астам тексеріс жүргізілген. Қосымша тағы бір ақпарат, Qazaq air Астана-Екатеринбург бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады. Атап айтса, биылғы 28 желтоқсаннан 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында қатынамайды. Әуе компаниясы таратқан ақпаратта: бұл ұшу тәуекелдерін бағалау нәтижесінде қабылданған шешім делінген. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің құны толық қайтарылады. Сондай-ақ әуекомпанияның баламалы рейстеріне қайта тегін брондауға болады.