Хабар телеарнасы

ШҚО-ның бас экологы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында экология департаменті басшысының міндетін атқарушы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Антикор растады. «Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпаратты қосымша хабарлаймыз»,— делініген агенттік мәліметінде. Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша күдікті Мамай Бутабаев 180 миллион теңге пара алуға келісіп, соның 10 миллион теңгесін алып жатқанда ұсталған. Айта кетейік, былтыр ғана осы экология департаментінің бұрынғы басшысы Данияр Әлиев және оның орынбасары Рауан Тұраровта жемқорлық фактісі бойынша ұсталған болатын.