Хабар телеарнасы

Инстаграмда лотерея ойнатқан шымкенттікке сот шешімі шықты

Инстаграм желісінде лотерея ойнатқан шымкенттік келіншек соттан бір ақ шықты. Қаржылық мониторинг агентігінің мәліметінше, жауапқа тартылған адам былтыр инстаграмда бір емес, екі аккаунттан лицензиясыз лотерея ойнатқан. Ұтысқа қымбат көлік пен мобильді телефондар, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техникаларды қойған. Сот шешімімен барлық мүлік мемлекет пайдасына тәркіленіп, кінәлі келіншекке жаза кесілді. Заң бойынша лотерея ұйымдастыруға арнайы лицензия алу керек.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
-Сатылған билеттерден түскен қаражат өзінің карт-шотына және туыстарының шотына түсіп отырған. 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден астам. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.