Хабар телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекетке ірі көлемде залал келтірген. Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрыңғы бас директоры осындай күдікке ілініп отыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Тергеу жұмыстары қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізілген болатын.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрыңғы бас директоры 2022-2023 жылдар аралығында  кепілдік мерзімі өтпеген жабдықты қайта жөндеу үшін 1,9 млрд теңгеге шарт жасатып, зауыттың қаржысын негізсіз жұмсағаны анықталған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:  

- Досмұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.