Хабар телеарнасы

Қостанай облысында 1 млрд-қа жалған шот-фактура жазған фермер ұсталды

Қостанай облысында шаруа қожалығының басшысы жалған шот-фактура жазумен айналысқан. Оның құйтырқы әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. Күдікті 6 мекеменің атына бас-аяғы 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған есеп құжат жазып берген. Осы арқылы қарсы тарап 200 млн. теңге шамасындағы салықтан жалтаруға мүмкіндік алған. Қазір аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.