Хабар телеарнасы

Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Алматы қалалық сотының шешімімен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Қасымбаев пен кәсіпкер Сәкенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, сотталушылар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы - ресми өкілі:

- Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.