Хабар телеарнасы

Есірткі қылмысы: 55 интернет арна анықталды

Есірткі бизнесі дәстүрлі қаржыландырудан криптовалютаға көшті. Мұндай төлем жүйесінде оларға заңсыз криптовалюта ұйымдары қолдау көрсетеді. Мұны Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Агенттік пен Ішкі істер министрлігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді қос орган заңсыз кірістерді жылыстату қаупі жоғары қылмыстарға қатысты параллельді қаржылық тергеу жүргізеді. Ол есірткі тарату схемаларын анықтау кезінде өзара бірлескен іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дмитрий Малахов, ҚР ҚМА төрағасы:
- Біздің қаржылық барлау бөлімшесі өткен жылдан бері Telegram әлеуметтік желісінде есірткіні сату бойынша 55 интернет арнаны анықтады. Олар бойынша ішкі істер органдарына 30-ға жуық материал жіберіліп, 18 қылмыстық іс тіркелді.