Хабар телеарнасы

Еліміздегі 15 қалада ауаның ластану деңгейі жоғары

Еліміздегі 15 қалада ауаның ластану деңгейі жоғары. Оның ішінде Алматы және Қарағандыда бұл көрсеткіш «өте жоғары» деңгейде. Бұл туралы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Жиында өңірлердің экологиялық ахуалын жақсарту жайы талқыланды. Мәселен, Алматыда ауаға тасталатын зиянды заттардың көлемі 225 мың тоннаға жетті. Қалада зиянды қалдықтардың 60 пайызын автокөліктер, ал 27 процентін өнеркәсіп кәсіпорындары шығарады. Әкім Ерболат Досаев «жасыл экономикаға» көшу жоспарында, атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері әзірленгенін айтты. Құжат 2025 жылдың бірінші тоқсанында мәслихаттың қарауына ұсынылады.