Алматы облысында балаларды заңсыз саудалау дерегі анықталды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды саудаламақшы болған күдіктіні ұстады.
Әлеуметтік желідегі «surak.baribar» парақшасында балалар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз» деген ақпарат тараған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қылмыстық топ мүшесін қолға түсті.
Меруерт Морякова, облыстыҚ ПД ресми өкілі:
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы болып табылатын 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.