Хабар телеарнасы

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің 9 облысында арнайы операция жүргізіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Барлығы 50 күдікті қамауға алынған. Қазір олар тергеліп жатыр. Күдіктілер тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлауды ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп айыпталып отыр. Жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын мүлік тонаған. Қарақшылар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ұсталды.