Алматы облысының «Қазпошта» қызметкерлері ₸80 млн-нан астам қаржыны жымқырған
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы «Қазпошта» қызметкерлері 80 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған. Тергеу барысында екі кассирдің мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды. Олар бұл қылмысты 2021 жылдан 2023 жылға дейін азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу барысында жүйелі түрде жасалған. Сот үкімімен екі кассир кінәлі деп танылды.
Аида Иманәлиева, Алматы облысы прокурорының көмекшісі:
-Сот үкімімен екі кассир аса ірі көлемдегі бөтен мүлікті иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.