Хабар телеарнасы

Алматыда бір топ адам жалған доллар өткізбек болған

Алматыда бір топ адам жалған доллар өткізу әрекеті үшін сотталды. Олар бақыламалы сатып алу кезінде ұсталған.

Алматының екі тұрғыны криптовалюта сатып алу желеуімен жалпы сомасы 32 700 АҚШ доллар жалған купюраны бірнеше рет сатқан. Сот үкімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қаржылық мониторинг агенттігі валюта айырбастау кезінде қырағылық танытуды ескертеді. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз.