Хабар телеарнасы

Шымкентте 5 кәсіпкер салық төлеуден жалтарған

Шымкентте 5 бірдей құрылыс компаниясының басшылары салық төлеуден жалтарған. Тексеріс кезінде олар жалған шот-фактура жасап, 6,4 млрд теңгеден асатын табысын жасырған. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, құжаттар Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Ал мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сот қарауына 4 талап арыз берілген.

Жергілікті атқару органның 17 лауазымды тұлғасы жұмысына салғырт қарағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Нұрдәулет Қарымсақов, қалалық прокуратураның аға прокуроры:

- Біз тексерісте 2022-2024 жылдар аралығын қарадық. Осы жылдар аралығында жасалған заңбұзушылықтар. Сол 5 компанияның бір ғана мақсаты болған. Салықты төлемеу, салықтан жалтару. Бұл күрделі мәселенің бірі болғандықтан тексеріс жалғасады. Бұл жұмыс әрдайым басшылық құрамның бақылауында болады.