Хабар телеарнасы

Жетісу облысында 75 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы ұрланған

Жетісу облысында био-дәретханаларды орнатуға бөлінген бюджет қаржысы ұрланған. Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры 74,7 млн теңгені қолды қылған. Бұл қаржыға туристік орындарда санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылуы тиіс еді.  

Әділет Сабырбаев, Сарқан ауданы прокурорының орынбасары:

- Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді. Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.