QazaqSham форумында креативті индустрияны дамыту талқыланды
Креативті индустрия – ұлттың мәдениеті мен құндылықтарын дәріптеудің заманауи тәсілі. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өнер және медиа саласының өкілдері бас қосқан QazaqSham форумында сөз сөйлеп, сала мамандарына жүктелетін жауапкершілік туралы айтты. Сенат спикерінің сөзінше, қазір қазақстандық жастар отандық контентті көбірек қарағанды жөн көреді. Сондықтан сала мамандары бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланғаны дұрыс. Жиында жалпы отандық креативті индустрияны дамыту, қазақтілді контент жасаумен айналысатын жас таланттарды қолдау және саланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Айта кетейік, елімізде аталған саланы ілгерілету үшін жүйелі қадамдар жасалып келеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Соның негізгісі біз тиісті заңнамалық нормаларды жақында қабылдадық. Сол нормаларға сәйкес жаңа креативті индустрияны қолдауға арналған мемлекеттік қор құрылып жатыр. Сондықтан әлі көптеген жұмысты жасау керек, көптеген шараны жүзеге асыру керек.