Елімізде әскер құрамын толықтыру үшін резервтік қызмет енгізіледі
Елімізде әскер құрамын толықтырудың қосымша әдісі пайда болады. Ол үшін резервтегі қызметшілерді қалыптыстыру көзделіп отыр. Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтылды.
Депуттардың пікірінше, мұндай әдіс жауынгерлік дайындықты арттыруға мүмкіндік береді. Резервтегі қызмет мәселелері бойынша заң екінші оқылымда мақұлданды. Мұндай тәжірибе ТМД елдері мен әлемдік деңгейде бұрыннан бар. Оның құрамына ерікті түрде шақырылады. Бастапқы кезеңде елдің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық ерікті шақыру көзделіп отыр.
Ермұрат Бапи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Заңнамалық актілерге енгізу үшін әзірленген түзетулер әскери бөлімдерді дайындалған кадрлармен толықтыруға және жауынгерлік іс-қимылдарға дайын резервтік күштер құруға мүмкіндік береді.