Хабар телеарнасы

Екі тәулікте қар құрсауынан 700-ге жуық адам құтқарылды

Өткен екі тәулікте ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның автожолдарында 700-ге жуық адам құтқарылып, эвакуациялады.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Еліміздің 15 өңірінде күрделі метеорологиялық жағдай әлі сақталады деп болжануда. Республикалық маңызы бар автожолдардың 62 учаскесінде және облыстық маңызы бар 65-тен астам учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді. Десе де азаматтар жолға шығуын тоқтатар емес. Құтқарушылар 60-тан астам көлікті қар құрсауынан шығарыпты. 685 адам, оның ішінде 40 бала эвакуацияланған. Арасында жүкті әйел мен шетелдік азаматтар да бар.

Дидар Қашкенов, ҚР ТЖМ бас маманы:

- Елімізде дәл осындай республикалық штабтар жұмысын атқарып жатыр. Төтенше жағдалар министрлігімен 337 шығу болды. Жолда қалып қойған кісілерге азық-түлік ұйымдастырылып, жылыту пункттері орналастырылды. Соңғы екі тәулікте 18 дауылды ескерту түсті. Екі күнде осы дауылды ескерту сақталады.