Шетелдік БАҚ Бельгия Королінің Қазақстанға сапарын жарыса жазып жатыр

  • 6
  • 12.10.2026, 18:33

Филипп патша мен Матильда патшайымның Қазақстанға сапары жайлы француз және нидерланд тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Алғашқылардың бірі болып «Суд-инфо» ақпараттық порталы мен «Эр-Тэ-Эль Инфо» телеарнасы болды. Француз тіліндегі «Лё Суар» газеті де тарихи оқиғаны сырт айналып өтпеді.

Шетелдік басылымдар бельгиялықтар королінің Қазақстанға мемлекеттік сапарындағы іскерлік бағдарламаға назар аударып отыр. Кейбірі екі ел арасындағы экономикалық әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын да жазды. Бұл сапарды тарихи дипломатиялық оқиға ғана емес, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтудың маңызды мүмкіндігі ретінде бағалап отыр.