Хабар телеарнасы

ШҚО-да биыл екі бірдей әуежай құрылысы басталады

Шығыс Қазақстанда биыл екі бірдей әуежай құрылысы басталады. Олардың бірі көпшілікті тылсым табиғатымен тамсандырған Қатонқарағайда, ал екіншісі қойнауы шежіреге толы Зайсан ауданында бой көтереді.

Әзірге Қатонқарағайдағы нысанның орны жайлы толыққанды зерттеу жалғасып жатыр. Ал Зайсандағы  жоба бойынша мамандар сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісіп кетті. Стратегиялық маңызға ие қос әуежайды салуға жалпы 40 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалуы мүмкін. Сарапшылар кеткен шығын аз уақытта ақталады деген үмітте. Өйткені әуе жолы барыс-келісті жеңілдетіп, туристер ағынын көбейтеді.

Ардақ Мәдиев, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Өткен жылы біздің өлкемізге 370  мың турист келді. Бұл жаман көрсеткіш емес. Алдағы жылдары осы межені бірнеше есеге көбейтсек деген жоспарымыз бар. Ал ол мақсатқа жетуде әуежайлардың алатын орны ерекше болмақ.