Талғарда Хасан Қасымбаев қамауға алынды
Талғардағы «Хуторские» тобының басшысы болуы мүмкін Хасан Қасымбаев қамауға алынды. Оған 2021 жылы бір азаматтың денсаулығына ауыр зақым келтіріп, оны ұрлап кетті, - деген айып тағылып отыр. Істің жан-жақты және объективті қаралуы үшін қазір кешенді тергеу жүріп жатыр. Материал сотқа жолданды.
Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Талғар ауданында болған 16 жастағы жігіттің өлімінен кейін Қасымбаевты жергілікті жұрт «Хуторские» тобының басшысы болуы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда кейін ол бейнеүндеу жариялап, ешқандай топқа қатысы жоқ екенін жеткізді.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыспен күрес бойынша атқарған шарасы туралы баяндады. Тек «Учаске» және «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында 16 мыңнан астам полиция қызметкері мен ұландықтар жұмылдырылған.
Бауыржан Максимов, ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің басқарма бастығы:
- Үш күн ішінде 1260 қылмыс тіркелді. Оның 858-і кезекші тәулікте ашылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 180 адам ұсталды. Олардың арасында: 78-і есірткі үшін, 54-і атыс қаруы үшін, 31-і суық қару үшін.