Хабар телеарнасы

Алаяқтар алдаудың жаңа түрін ойлап тапқан

Алаяқтан сақ болыңыз! Қаскүнемдер енді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері болып хабарласып жүр. Алаяқтар телефон арқылы азаматтардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы айтып, шоттағы қаражатыңызды сақтап қалу үшін өз нұсқаулықтарын орындауды сұрайды. Тіпті өздерінің сала қызметкері екенін растау мақсатында жалған куәліктер мен логотипі бар фотосуреттер жібереді. Бұдан бөлек әлеуметтік желіде жалған парақшалар ашып, көмектесу ниетін танытады. Ал шын мәнінде парақша арқылы азаматтардың жеке деректері мен банктегі шоты бойынша мәлімет алуға тырысады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-ҚМА жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды. Азаматтарды қырағы болуға, ақпаратты ресми дерек көздерімен салыстыруға, алаяқтардың айла-амалдарына алданбауды сұраймыз.