Түрмеде отырғандар теракт жасамақ болған – ҰҚК
Түрмеде отырып, теракт жасамақ болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш облыстағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде арнайы операция жүргізіп, радикалды діни идеология жақтастарының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарында бас-аяғы 10 адам ұсталған. Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалса, қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.
Абақтыларды тінту барысында олардан суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынған. Біреуі экстремизм үшін сотталса, қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеп отырғандар.