Хабар телеарнасы

11 айда қылмыстық есірткі бойынша 7600-ден аса құқықбұзушылық анықталды

Ішкі істер органдары 11 айда есірткі қылмысы бойынша 7 600-ден аса құқықбұзушылықты анықтады. Интернет желісін пайдаланып, заңсыз жолмен ақша таппақ болғандар саны 2 мыңға жуық. Олардың басым бөлігі 297 баптың 5-ші тармағы бойынша жазасын өтеп жатқандар. Бүгін ауыр жаза арқалағандарға бір жолға кешірім сұрап, еліміздің түкпір-түкпірінен тума-туыстары мен ата-аналары бас қосты. Олар заңға өзгерту енгізулерін сұрайды. Сотталғандардың басым бөлігі әлеуметтік жағдайлары нашар болғандықтан, шалыс басып, заңсыз есірткі қылмысына барған көрінеді. Дегенмен кәмелеттік жасқа толмағандар мен ересектер 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Еске сала кетейік, заң бойынша мемлекеттік қызметкер бұл қылмысқа барса, өмір бойына бостандығынан айырылады. 

Гүлмия Балғожина, жазасын өтеушінің туысы:

-Менің сіңілім отыр. 1,3,5-ші тармақ бойынша. Біз білеміз заң қатаң. Біз есірткіге қарсымыз. Ертең екінші рет түссе, әрине жазаласын. Екінші рет түссе кешірмесін. Өмір бойы кетсін. Бірақ бірінші рет жолаған балаға мүмкіндік беруі керек.