Хабар телеарнасы

Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Президент Бин Дэ-Инмен кездесті

Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті. Мемлекет басшысы компанияның иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру туралы ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.