Хабар телеарнасы

Биыл қаржылық пирамидаларға қатысты 68 қылмыс анықталды

2 миллионға жуық қазақстандық ақшасын қаржы пирамидаларына салып, жоғарғы табысқа кенелемін,- деп алданып қала жаздады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары хабарлады. Айтуларынша, шығынға шаш етектен батқандар көп.

Жыл басынан бері 20 миллиард теңгеден аса ақшамен қаржы пирамидаларын құру фактілері бойынша 68 қылмыстық іс тіркелген. Бүгінгі таңда 13 миллиард теңге өтеліпті. Интернет желісінде 47 қаржы пирамидасы анықталса, әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат бұғатталған. Қаржы пирамидасының белгілері бар 11 мың 700-ден астам сайттағы сілтемелер жабылған.

Одан бөлек, жауаптылар еліміздегі 100 оқу ордасындағы жастарға жаппай қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған дәрістерді қолға алған. Арнайы іс-шара аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы да басталды. 

Андрей Давыдов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары:

- Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған жоба енгізді. Ол «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» деп аталады. Айта кетейік, қаржы пирамидаларына кезіксеңіз, сіздерді командаларына қосуға талпынып, тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табысте уәде етеді. Бірден жаңа салымшыны тартуға тырысады. Сақ болған абзал!