Ломбардты тонаған шетелдіктер ұсталды
Астанадағы ломбардтардың бірін тонаған шетелдіктер қолға түсті. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ ұрлық жасауды алдын ала жоспарлаған. Ол үшін олар алдымен ломбард орналасқан ғимарттың кілтін жасатқан деген болжам бар. Өйткені жұмысшы түскі асқа шыққан кезде есікті еркін ашып ішке кірген. Санаулы минутта жалпы құны 45 миллион теңгені құрайтын 654 алтын бұйымды қолды қылған. Сондай-ақ кассадағы 1,5 миллион теңгеден астам ақшаны да қалталарына басқан. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанша қылмыскерлер Астанада қашып үлгеріпті. Іздестіру шараларының нәтижесінде олар Оралда ұсталды. Ішкі істер министрлігі қылмыскерлердің қай елдің азаматы екенін нақтыламады.