Хабар телеарнасы

Ақмола облысында 16 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Ақмола облысында 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері полиция департаментінің өкілдері жергілікті автожолдарды тексерген. Нәтижесінде жол жамылғысы қардан уақытында тазаланбағаны және көктайғаққа қарсы материал себілмегені анықталды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен жол пайдалану басқармаларының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.

Ержан Қошқарбаев, облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы:

- Әкімдік қызметкерлері және жол ұйымдарының өкілдері жолдарды тазалау бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаған. Қар уақытында тазаланбай, көктайғаққа қарсы материалдар себілмеген. Бұл жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізді. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасады.