Хабар телеарнасы

Мәулен Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс беріп, барлық қазақстандықтарды өз таңдауын жасауға шақырды. Жоғарғы палата төрағасы АЭС салу бойынша референдум өтіп жатқан бүгінгі күнді «тарихи дата», - деді. 

Мәулен Әшімбаев, Парламент Сенатының төрағасы:

- Бүгін барлық  қазақстандықтардың сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық борышын өтегені дұрыс. Бұл шын мәнінде әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі.  Конституциялық құқығы.  азаматтарды дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырамын.