Шымкентте лауазымды тұлғалар қызметін асыра пайдаланған
Шымкентте кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтірген екі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салықтық берешекті өндіру мақсатында шоттарды бұғаттап, заңсыз инкассалық шешім шығарып отырған. Осылайша бизнес иелерінің 10 миллион 800 мың теңгесін дебиторлық қарыз есебіне қосып, өндіріске алған. Осыған байланысты күдіктілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Антикор өкілдері осындай 11 іске қатысты тексеру жүргізген. Қызметін асыра пайдаланғандарға 4 миллион 800 мың теңге айыппұл салынды
Жандос Бекасанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
- Айыппұлдың ең төменгі мөлшері 100 АЕК, ең жоғарғысы 600 АЕК қарастырылған. Әкімшілік істер қысқартылған тәртіпте қаралып, айыппұл толығымен мемлекетке төленді. Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты бағыты – ол кез келген құқықбұзушылықты алдын алу.