Шымкентте дәрігерлер инсультті ЖИ көмегімен анықтайды
Медицина саласынан тағы бір жағымды жаңалық. Шымкентте дәрігерлер инсульт белгілерін жасанды интеллект көмегімен анықтай бастады. Заманауи қондырғы Қазақстанда құрастырылған. Бағдарлама компьютерлік томография аппараты арқылы жұмыс істейді. Биыл жедел-жәрдеммен жеткізілген науқастардың анализін талдағаннан кейін 40 адамға операция жасалған. Нәтижесінде, ұйыған қанның ошағы дер кезінде анықталып, тамырдағы түйін тарқатылған. Алдағы уақытта жергілікті дәрігерлер жасанды интеллектінің өзге де мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр.
Нұржан Қарабаев, аурухананың бөлім меңгерушісі:
-Жасанды интеллект мидағы цитатостатикалық ісінуді көріп, оң жағы немесе сол жағы мидың екіжақты полушариясын салыстырып сол жерде мидың қанмен қамтамасыз ету бұзылысын анықтап береді. Бізге аспект шкаласымен көрсетіп беретін болса, біз оны дереу түрде операцияға аламыз.