Қазақстанның үш өңірінде діни радикалдар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.
Телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. Тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі бұған дейін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерьлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралыпты.
Жымысқы әрекеті әшкереленіп, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған. Енді Қылмыстық Кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.