Хабар телеарнасы

Павлодар облысында эпидемологиялық жағдай ушығып тұр

Павлодар облысында эпидемологиялық жағдай күрделі. Жедел жәрдем қызметіне бір тәулікте екі мыңдай шақырту түскен. Науқастарға суық тию, пневмония, бронхит және бронхопневмания диагноздары қойылып жатыр. Әсіресе ауруған балалар саны көбейіп барады. Сондықтан емханалар жұмыс уақытын екі сағатқа ұзартуға мәжбүр. Ал жедел жәрдем қызметі қосымша бригадалар қосты. Жетпіс мыңға жуық адам тіркелген қалалық №2 ауруханада 41 участок бар. Әр дәрігерге күніне 10-15 адам қаралады. 

Дидар Уәлиханова, жалпы тәжірибелік дәрігер: 

- Көбі жедел респираторлық ауруларға байланысты шақырулар болып жатыр және де созылмалы аурулардың осы жедел респираторлық ауруға асқыну ретінде соған да шақырады. Былтырғымен қарағанда көрсеткіш деңгейі аздап жоғарылады. Соған байланысты қазір біздің емхана, емхананың жұмыс уақыты да ұзартылды сегізге дейін. Фильтр кабинет те сағат алтыға дейін жұмыс істейді.