Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері 69 мал ұрлығы тіркелді

Жыл басынан бері 69 мал ұрлығы тіркеліп, 53 күдікті ұсталды. Ұрланған 450 малдың 134-і иелеріне қайтарылды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мал ұрлағандардың жеке мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Одан бөлек, былтыр өңірлерде жайылым ережелерін бұзған 38 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Шыңғыс Алекешев , ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Бұл ережеге сәйкес жануарларды бақылаусыз жаюға тыйым салынады. Осы бағытта Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігімен белсенді жұмыс жүргізеді. Өткен жылы мал ұрлығына қарсы республикалық деңгейдегі 2 іс-шара, өңірлік деңгейде 76 іс-шара өткізілді.