14 мыңнан астам адам уақытша эвакуациялық бекеттерде отыр
Қазір ел бойынша 14 мыңнан астам адам уақытша эвакуациялық бекеттерде отыр. Ал бірнеше аймақта су әлі де көтеріліп жатыр. Жағдай әсіресе, Қостанай облысында қиын. Онда Тобыл өзені арнасынан асып барады. Алдағы күндері еліміздің шығысында өзен-көлдердің деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр. Сондай-ақ 8-10 сәуір аралығында Ақмола облысында Жабай өзені тасуы мүмкін.