Хабар телеарнасы

«Еске алу эстафетасы» Астанада жалғасуда

Сегіз мемлекеттің астаналарында өткен эстафета елордадағы «Отан қорғаушылар» монументінде гүл шоқтарын қоюмен басталды. 

Жеңісті жақындатқан ҰОС ардагерлері жас ұрпаққа майдан даласындағы ерен ерлердің ерліктерін баяндады. Айта кетейік, аталмыш акция 16-шы сәуірде Санкт-Петерборда өз мәресіне жетеді. Елімізге эстафетаны жеткізуші ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делагация мүшелері патриоттық бағытта бірнеше кездесу өткізуді жоспарлауда. 

Мінайдар Боранбаев, ҰОС ардагері

-Украина, Беларусь, басқа да Еуропаның халықтарын фашистік немістерден азат еткен қазақтың ұлдары мен қыздары. Ол жөнінде көптеген батырлар бар. Сұлтан Баймағамбетов, Әлия Молдағұлова, Нүркен Әбдіров деген ұшқыш, тағы-тағылар. Оның барлығы қазақтың ерлігін батырлығын дәлелдейді.