Қостанай қуыршақ театры соғыс тақырыбында қойылым көрсетті
«Балапан қаршыға» – қағаздан жасалған шағын ұшақ. Ол майдан шебі арқылы ұшып, жаудың ораналасқан жерлері жайлы деректер жинайды. Актерлердің ойыны әскери әуен, бейне көрсетіліммен өрнектеліп отырды. Жаңа қойылым Жеңіс күніне дейін жалғасады.
«Біз үшін бұл батыл қадам», - дейді қуыршақ театрының артистері. Өйткені кішкентай көрермендерге соғыс тақырыбын жеткізу оңай шаруа емес. Ол үшін біраз сахналық жаңашылдықтар енгізілген.
Юлия Семёнова, қоюшы-режиссер
- Алғашқы рет сахнада бейне, жарық, қуыршақ және адамдарды үйлестіріп отырмыз. Бұл жерде біз шағын ұшақ арқылы майданға тап болған бала бейнесін жеткізуге тырыстық. Соғыстың қандай азап, бейнет әкелетіндігін білдірсек дедік. Балалардың қызыға тамашалағанына қарағанда, мақсатымызға жеткенге ұқсаймыз.