Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевқа ескерткіш бейнесі орнатылды
Ақтөбе өңірінің тумасы Малкеджар Бөкенбаев 1942 жылы соғысқа аттанды. Полтава түбінде немістің 7 бірдей «тілін» ұстап әкелгені үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Кейін атқыштар взводын басқарған жауынгер қайсарлығымен көзге түседі.
Беларусь майданында көрсеткен ерлігі ескеріліп, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылы елге аман-есен оралған батыр ұзақ жыл ішкі істер органдарында еңбек етті.
800-ге жуық тыңдаушы білім алатын Ақтөбе заң институты Бөкенбаев атымен аталса, облыс орталығында батырға арналған көше бар.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Малкеджар Бөкенбаевтың туған-туыстары мен ҰОС ардагерлері шақырылды.
Ерсұлтан Түлкібек, курсант
-Бізде осы аталарымызға ұқсап батыр атанғымыз келеді, бізде осыларға ұқсап елге еңбегі еленген, халықтың қалаулысы болғымыз келеді. Осы батыр атамыздың аты қазір біздің институтқа берілді.
Сәли Төлемісұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Енді соғыс болмасын деп тілек тілеймін, 3 ағайынды едік. Ағам сол жақта қалып қойды. Өзім 2 рет жаралы болып қалдым. 1942-де алынып, 43-те аман оралдым.